Батыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 37 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 ақпанда № 5538 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ә.Б.Мұханбетжанова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Н.Есқалиевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2019 жылғы
15 ақпандағы №37
қаулысына қосымша

Батыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.03.2020 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Есептің бірінші жылы мен үшінші жылы аралығын қоса алған мерзімдегі қамтамасыз ету мөлшері Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодексінің 210-бабының 3-тармағында және 274-бабында бекітілген бір гектар бойынша кен іздеушілік операцияларына жұмсалған жылдық ең төменгі шығын сомасының 10%-дық мөлшерінде төмендегі формуламен анықталады:

      О1=3170×АЕК×10%

      мұндағы:

      О1– есепті қоса алғандағы бірінші жылдан үшінші жыл аралығын қоса алған мерзімдегі қамтамасыз ету мөлшері;

      АЕК – республикалық бюджет туралы заңы бойынша тиісті қаржы жылына сәйкес белгіленген айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады