"Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 215 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 наурызда № 22411 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы әділет органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10112 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әділет органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды:

      соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша (Кодекстің 158, 214, 462, 467, 668-баптары);

      әділет органдарының қарауына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша (Кодекстің 230-бап (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 466, 468, 491, 670, 671, 672-баптар) әділет органдарының соған уәкілетті лауазымды тұлғалары жасайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдау";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Әділет органдарының уәкілетті лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауы";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен олардың орынбасарлары, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудандық және қалалық әділет бөлімшелерінің басшылары Кодекстің 230 (екінші бөлігі) (егер осы бұзушылықты жеке нотариус жасаса), 457, 468, 670, 671, 672 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.

      Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары Кодекстің 464 және 466-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және ескерту мен әкімшілік айыппұл жасау түріндегі әкімшілік жазаларды қолданады.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енбеген қаулыларды апелляциялық тәртіпте қайта қарау";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі заңды күшіне енген қаулыларды және шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижесі бойынша оларға жаңадан ашылған мән-жайлар жөніндегі қаулыларды қайта қарау";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Әкімшілік жазалар қолдану туралы қаулыларды орындау".

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс қағаздарын жүргізу".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады