Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңартылған

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 104/15-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 желтоқсанда № 25676 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 43/5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 43/5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) Астана қаласы мәслихатының "Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" 2019 жылғы 6 наурыздағы № 363/45-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1222 болып тіркелген) шешімі;

      2) Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 363/45-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 532/72-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1292 болып тіркелген) шешімі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатның хатшысы
Е. Каналимов

  Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2021 жылғы 24 қарашадағы
№ 104/15-VII шешіміне
қосымша

Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 43/5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Астана қаласында тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 43/5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 43/5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 43/5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      5. Тұрғын үй көмегінің мөлшері мынадай нормалар шегінде есептеледі:

      1) 1 айға электр энергиясын тұтыну нормалары:

      150 киловатт – бір-үш адамнан тұратын отбасы;

      200 киловатт – төрт және одан да көп адамдардан тұратын отбасы;

      2) газ тұтыну нормасы, су бұру, сумен жабдықтау қызметтері, қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару, лифтке қызмет көрсету – тариф бойынша әр адамға ай сайын.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 26.12.2023 № 134/16-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасына Қазақстан республикасының Тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр.

      Жалғыз тұратын аз қамтылған отбасылар (азаматтар) үшін тұрғын үй алаңының нормасы отыз шаршы метр, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес болып қабылданады.

      7. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 26.12.2023 № 134/16-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес тоқсанына бір рет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі не Мемлекеттік корпорациядан не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап бас тарту туралы дәлелді жауап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      9. Тұрғын үй көмегі жеткізушілер ұсынған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша көрсетіледі.

      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау Астана қаласының бюджетінде тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 30.06.2023 № 43/5-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады