Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-3 "Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 7С-2-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 наурызда № 8383 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-6-тармағына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 6С-15-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6124 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесi өзгерiс енгiзiлсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:

      бүкіл мәтін бойынша "оралмандарды", "оралмандардың" және "оралмандар" деген сөздерді "қандастарды", "қандастардың" және "қандастар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының төрағасы
Ж.Амиржанов
      Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы М.Балпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Ақмола облысының полиция
департаменті" мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысының жұмыспен қамтуды
және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасы" мемлекеттік
мекемеcі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады