Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-9 "Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 7С-12-5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда № 25968 болып тіркелді

      Ақмола облыстық маслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5715 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      Ақмола облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларында:

      8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсiм бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.";

      9-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібін және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін бекітуді су көлігі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      11-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
М.Балпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті
Ақмола облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті"
республикалық мемлекеттік
мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Есіл бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік
мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады