Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа Қийма ауылдық округінің Жаңа Қийма ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңа Қийма ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 желтоқсанда № 25592 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңа Қийма ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 2 наурыздағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңа Қийма ауылдық округі әкімінің 02.03.2022 № 3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 4 қарашадағы № 218 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңа Қийма ауылдық округінің Жаңа Қийма ауылының аумағында ірі мүйізді қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақима ауылдық
округінің әкімі
А.Отегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады