Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 32 "Бұлақ ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 23 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 шілдеде № 23776 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 2-11-3/98 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округінің Әлия ауылының аумағында ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларының кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің" 2019 жылғы 18 желтоқсандағы "Бұлақ ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы № 32 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6564 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бұлақ ауылдық округінің әкімі А. Есибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады