Бұлақ ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 32 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 6564 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 23.07.2021 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитарлық инспекторының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 2-10-3/282 ұсынысы негізінде, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұсақ мүйізді малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Бұлақ ауылдық округі аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ж. Альбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады