Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің "Айбат" шаруа қожалығы аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 мамырда № 8287 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 16.06.2021 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 02-13-4/82 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдары арасында қарасан ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің "Айбат" шаруа қожалығы аумағында карантин белгіленсін.

      2. "Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Талдысай ауылдық округінің әкімі Қ. Аққайыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады