Карантинді алып тастау және Талдысай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 4 "Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің "Айбат" шаруа қожалығы аумағында карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23072 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 02-13-4/98 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің "Айбат" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.

      2. Талдысай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 4 "Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің "Айбат" шаруа қожалығы аумағында карантин белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8287 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Талдысай ауылдық округінің әкімі Қ. Аққайыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады