Шектеу іс-шараларын алу және Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 24 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 14 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 шілдеде № 23439 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 17 маусымдағы № 2-14-07/120 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Алтықарасу ауылдық округі Еңбекші ауылы Шығырлы қыстағында орналасқан "Арна" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 24 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7754 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Алтықарасу ауылдық округінің әкімі М. Алишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады