Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкiмiнiң 2021 жылғы 16 шілдедегі № 32 "Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі Бестамақ ауылы "Бірлік" шаруа қожалығының аумағында шектеу шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкiмiнiң 2021 жылғы 25 тамыздағы № 53 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 қыркүйекте № 24297 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ойыл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 21 шілдедегі № 2-14/104 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі Бестамақ ауылы "Бірлік" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдарының арасынан пастереллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 32 "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкiмiнiң Бестамақ ауылы "Бірлік" шаруа қожалығының аумағында шектеу шараларын белгілеу" туралы шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23629 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Саралжын ауылдық
округінің әкімі
М. Тажигалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады