Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі Бестамақ ауылы "Бірлік" шаруа қожалығының аумағында шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 32 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 шілдеде № 23629 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкiмiнiң 2021 жылғы 25 тамыздағы № 53 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкiмiнiң 25.08.2021 № 53 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі Бестамақ ауылы "Бірлік" шаруа қожалығының аумағындамүйізді ірі қара малдарының арасынан пастереллез ауруының анықталуына байланысты шектеу шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Саралжын ауылдық округінің әкімі А. Мубараков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады