Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округі Ойсылқара ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 25 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25710 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің 13.01.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы басшысы міндетін атқарушысының 2021 жылғы 11 мамырдағы № 02-16-04/328 ұсынысының негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Құдықсай ауылдық округі Ойсылқара ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.

      Ауылдық округ әкімі Қ. Жұмабай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады