Қарасай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 448 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 9 қарашада № 25050 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Д. Сансызбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай ауданының әкімі Ж. Далабаев

  2021 жылғы 25 қазандағы № 448 Қаулысына қосымша

Қарасай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Стационарлық емес сауда объектілерінің орналасқан орны

Алатын алаңы (шаршы метр, м²)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сонымен қатар қоғамдық тамақтану объетілері)

1.

Қаскелең қаласы, Қаскелең –Шамалған 8 шақырымдағы айналмалы автомобиль жолының бойында, "Айзере" қонақ үй кешеніне қарама-қарсы

600

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3 жыл

"Айзере" қонақ үй кешені

2.

Елтай ауылдықокругі, Береке ауылы, Жібек жолы – Алматы 19 шақырымдағы автомобиль жолының бойында, "Ботагоз" дүкеніне қарама-қарсы

600

Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)

3 жыл

"Ботагоз" дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады