2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 184 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 наурызда № 157 болып тіркелді. Мерзiмi өткендiктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 07.12.2021 № 1552 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығының 4-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 07.12.2021 № 1552 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      1.1. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 07.12.2021 № 1552 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы "19" наурыздағы
№ 184 қаулысына 1-қосымша

2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 07.12.2021 № 1552 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия соммасы, теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1.1.

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

10 000

3 373

33 730 000

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

2.1.

Отандық

сатып алынған бас

150 000

343

51 450 000

2.2.

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

80

12 000 000

Сүтті жәнесүтті-етті мал шаруашылығы

3.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу

3.1.

Отандық

сатып алынған бас

200 000

67

13 400 000

3.2.

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

сатып алынған бас

400 000

68

27 200 000

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

4.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

60

343 300

20 598 000

Қой шаруашылығы

5.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

5.1.

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/ шағылысумаусымы

4 000

3 432

13 728000

5.2.

Қойлардың тауарлық аналық басы

2 500

12 417

31 042 500

5.3.

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

15 000

4 061

60 915 000

Шошқа шаруашылығы

6.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

бас/шағылысу маусымы

40 000

740

29 600 000

Барлығы




293 663 500

Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

7.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

тiрiдей салмағы, килограмм

200

444 250

88 850 000

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

8.

Сүт өндіру құнынарзандату: 

8.1.

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

20

6 022 473

120 449 460

8.2.

Ауыл шаруашылығы кооперативі

20

3 318 659

66 373 180

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

9.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату:

9.1.

100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген дана

1,2

90 000 000

108 000 000

9.2.

20 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

1

28 166 556

28 166 556

Етті құсшаруашылығы

10.

Құс етін өндіру құнын арзандату:

10.1.

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген килограмм

50

1 201 746

60 087 300

Барлығы




471 926 500

Жергілікті бюджет есебінен бөлінген субсидиялар көлемдері

11.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограм

60

38 900

2 334 000

Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

12.

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас

35 000

1 865

65 275 000

12.1.

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық және етті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

50 000

1 107

55 350 000

12.2.

Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды аналық бас

70 000

275

19 250 000

13.

Қойлардың аналық басы

8 000

10 832

86 656 000

14.

Жылқының аналық басы

30 000

650

19 500 000

15.

Шошқалардың аналық басы

7 000

392

2 744 000

Барлығы




251 109 000


  Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы "19" наурыздағы
№ 184 қаулысына 2-қосымша

2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

      Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 07.12.2021 № 1552 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге

Өлшемшарттары

Өтінім беру мерзімі

1

Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы (Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған)

бас

70 000

1) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 100 бастан кем емес болуы;
3) тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, машина саууға арналған жабдығы, сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай; тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машинамен сауу;
ветеринариялық препараттарды сақтау орны, малға арналған бекіткіші бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін

2

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

бас

50 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, машина саууға арналған жабдығы, сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай; тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машинамен сауу;
ветеринариялық препараттарды сақтау орны, малға арналған бекіткіші бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.

3

Етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

бас

50 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;

4

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас

35 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы;

5

Қойлардың аналық басы

бас

8 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;

6

Жылқылардың аналық басы

бас

30 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 36 айдан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы;

7

Шошқалардың аналық басы

бас

7 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;

      Ескертпе:

      Жануарларды күнтізбелік жыл ішінде сатып алған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар сомасының есебі жануарларды ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда тіркеген сәттен бастап жүзеге асырылады.

      Өтінімді берген сәтте селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады