Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 225 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 сәуірде № 165 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-1 тармағының 3) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 03-10/279 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жайлау мөлтек ауданы, Ахметов көшесіне қойылған шектеу іс-шаралары құтыру ауруының ошақтарында жұмыстар аяқталуына байланысты тоқтатылсын.

      2. "Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 155 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2021 жылғы 5 ақпандағы электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады