Жуалы ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 қаңтардағы № 13 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 қаңтарда № 4892 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 163 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің 15.04.2022 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Ішкі сауда қағидаларынның бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102-тармағына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жуалы ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін, әр ауылдық округтерде қосымшаға сәйкес арнайы бөлінген орындары белгіленсін.

      2. "Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Базарбайұлы Жабағыға жүктелсін.

      Жуалы ауданының әкімі Н. Ергебеков

  Жуалы ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 21 қаңтардағы
№ 13 қаулысына қосымша

Жуалы ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Ауылдық округ атауы

Ауыл атауы

Сауда орындары

1

Б.Момышұлы

Б.Момышұлы ауылы

Жібек жолы көшесі бойынан Қарасаз ауылына бұрылатын бұрылыстағы аялдама маңы Мәншүк Маметова көшесі №33 тұрғын үйге қарама-қарсы беті

2

Ақсай ауылдық округі

Қайрат ауылы

Абай көшесінің бойындағы Б.Момышұлы мұражайының алды

3

Ақтөбе ауылдық округі

Бәйтерек ауылы

Ақбастау көшесіндегі "Бәйтерек" мәдениет үйінің алдындағы ашық алаңы

4

Билікөл ауылдық округі

Қарабастау ауылы

Қарабастау ауылының орталығы Жамбыл көшесінің бойында орналасқан алаң

5

Боралдай ауылдық округі

Көлтоған ауылы

Д.Қонаев көшесі №59, ауылдық мәдениет үйінің алдындағы алаң

6

Жетітөбе ауылдық округі

Кәріқорған ауылы

М.Кожаназаров көшесі №32, Жетітөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының алды

7

Күреңбел ауылдық округі

Күреңбел ауылы

Бейбітшілік көшесі №67, Күреңбел ауылдық мәдениет үйінің алды

8

Көкбастау ауылдық округі

Теріс ауылы

Тәліп көшесі 4а, Көкбастау ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының алды

9

Қарасаз ауылдық округі

Қарасаз ауылы

Бірлік көшесі "Нұрлыбек" мейрамханасының алды

10

Қызыларық ауылдық округі

Ақтөбе ауылы

Руханият көшесі №27, Ақтөбе ауылдық мәдениет үйінің алдындағы алаң

11

Қошқарата ауылдық округі

Қошқарата ауылы

Б.Үсенов көшесі бойындағы ескі мектеп ғимаратының алды

12

Мыңбұлақ ауылдық округі

Көлбастау ауылы

Абай көшесі №2, Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының алды

13

Нұрлыкент ауылдық округі

Нұрлыкент ауылы

Е.Байғазиев көшесі №101, Нұрлыкент ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратының алды

14

Шақпақ ауылдық округі

Шақпақата ауылы

Д.Пахомов көшесі №45, №4 Өнер мектебінің алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады