Қарағанды облысының Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 17/01 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 93/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26118 болып тіркелді

      Қарағанды облысының Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысының Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 22 ақпандағы №17/01 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын анықтау туралы" қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6204 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";

      көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сәтбаев қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысының Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Төлендинаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А. Идрисов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сәтбаев қалалық

      сайлау комиссиясы

  Сәтбаев қаласы
әкімдігінің
2021 жылғы 24
желтоқсандағы
№ 93/01
қаулысына қосымша
  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2021 жылғы "22"
ақпандағы №17/01
қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді-мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Сәтбаев қаласы

Ұлытау көшесі, № 86, 90 үйлердің ортасында (автобекет ауданы)

2

Абай көшесі, "Сәтбаев қаласының Балмағанбет Балқыбайұлы мешіті" жанында

3

Тәуелсіздік даңғылы, "Тұрар" базарының жанында

4

Гурба көшесі, "Ару-Ана" сауда үйінің жанында

5

Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, № 88 үй жанында ("Кооптранс" базарының ауданы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады