Нұра ауданы Мұзбел ауылының аумағында карантиндік іс-шаралар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының әкімінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 21 желтоқсанда № 25868 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының әкімінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының әкімінің 03.02.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27–бабына сәйкес және Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 22 қарашадағы № 02-13-672 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Нұра ауданы Мұзбел ауылының аумағында ұсақ мүйізді малдың арасынан шешек ауруының анықталуына байланысты, ауру ошағын жою және ветеринариялық - санитариялық іс-шараларды өткізу үшін карантиндік іс-шаралар белгіленсін.

      2. Мұзбел ауылы әкімінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 6 "Нұра ауданының Мұзбел ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25593 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Нұра ауданы Мұзбел ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Нұра ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұзбел ауылының әкімі Е. Абаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады