Карантинді тоқтату және Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылы әкімінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №7 "Нұра ауданы Мұзбел ауылының аумағында карантиндік іс-шаралар белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының әкімінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 ақпанда № 26740 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 02-13-34 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының аумағында ұсақ мүйізді малдың арасынан шешек ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылы әкімінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 7 "Нұра ауданының Мұзбел ауылы аумағында карантиндік іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25868 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұзбел ауылының әкімі Е. Абаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады