Нұра ауданы Ахмет ауылының аумағында шектеу іс-шаралар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылының әкімінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 қаңтарда № 26438 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылының әкімінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылының әкімінің 05.03.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-13-750 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Нұра ауданы Ахмет ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан инфекциялық ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Нұра ауданы Ахмет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Нұра ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ахмет ауылының әкімі М. Искакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады