Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 69 "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 275 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 сәуірде № 4475 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 69 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2663 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1 қосымшада:

      реттік нөмірі 7 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

7

Отпан ауылдық округінің Тұщыбек ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Тұщыбек мектеп-бөбекжай кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Тұщыбек ауылы, 8 (72931) 28036

      ";

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Шарқатбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау ауданының әкімі Т. Кушмаганбетов

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 7 сәуірдегі
  № 275 каулысына қосымша
  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2015 жылғы 20 наурыздағы
  № 69 қаулысына 2 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Шетпе ауылы

Орталық базар, муниципалдық сауда орталығы аумағындағы ақпараттық стендтер; Шетпе-1 және Қарашоқы шағын аудандарында орналасқан тақталар.

2

Сайөтес ауылдық округінің Сайөтес ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Өтес жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

3

Жыңғылды ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

4

Отпан ауылдық округінің Тұщыбек ауылы

"Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау облыстық Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы санаторийі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аумағындағы ақпараттық стенд.

5

Шайыр ауылдық округінің Шайыр ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Тұрар Жалғасбайұлы атындағы жалпы білім беретін Шайыр мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

6

Тұщықұдық ауылдық округінің Тұщықұдық ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

7

Шебір ауылдық округінің Шебір ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Қаратөбе жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

8

Қызан ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд; Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратындағы ақпараттық стенд.

9

Ақшымырау ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ақшымырау ауылдық клубы ғимаратындағы ақпараттық стенд.

10

Жармыш ауылы

Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жармыш ауылдық мәдениет үйі ғимаратындағы ақпараттық стенд; Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратындағы ақпараттық стенд.

11

Ақтөбе ауылдық округінің Ұштаған ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Асқар Өтепбергенов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.

12

Онды ауылдық округінің Онды ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратындағы ақпараттық стенд.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады