Шектеу іс - шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкімінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 мамырда № 9907 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкімінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкімінің 16.07.2021 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) - тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының № 01-20/98 ұсынысы негізінде Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылында орналасқан Урбанович Валерий Иванович шаруа қожалығы аумағындағы ірі қара малдың құтыру ауруының пайда болуына байланысты шекте іс - шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алтынсарин аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық – санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге үшін қажетті ветеринариялық – санитариялық іс – шаралалар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      В. Урбанович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады