Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкімінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 шілдеде № 23687 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) - тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының № 01-20/65 ұсынысы негізінде Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкімі ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылында орналасқан Урбанович Валерий Иванович шаруа қожалығы аумағындағы ірі қара малдың құтуру ауруының пайда болуы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 6 мамырдағы № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9907 болып тіркелген).

      3. "Алтынсарин ауданы Красный Кордон ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Ауыл әкімі В. Урбанович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады