Карантинді тоқтату және Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 5 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 8 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қазанда № 24763 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-бабына сәйкес және Денисов ауданы мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 01-27/603 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округі Приречное ауылының аумағында мүйізді ірі қара малдың арасында сібір жарасы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Свердлов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 5 "Карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23292 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Свердлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Свердлов ауылдық округінің әкімі Г. Макаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады