Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 7 маусымдағы № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 маусымда № 23004 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жангелдин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 01-23/24 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылдық округінің аумағында орналасқан "Мирас" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9589 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жангелдин ауданының Қызбел ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жангелдин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызбел ауылдық округінің әкімі К. Нургазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады