Шектеу іс-шараларын тоқтату және Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қыркүйекте № 24510 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Науырзым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 01-20/228 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Науырзым ауданы Өлеңді ауылының "Сып-сын" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 9 шілдедегі № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23564 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Казақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өлеңді ауылының әкімі Ж. Серкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады