Науырзым ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 143 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 желтоқсанда № 25616 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Науырзым ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Науырзым ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Науырзым ауданының әкімі К. Абишев

  Әкімдіктің
  2021 жылғы 3 желтоқсандағы
  № 143 қаулысына
  қосымша

Науырзым ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасқан орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) ескерілген қызмет саласы

1

Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылдық округі, Қарамеңді ауылы, Шақшақ Жәнібек көшесіндегі № 1 және 3 ғимараттардың арасындағы алаң

120

5 жыл

Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Айналайн" дүкені

2

Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылдық округі, Жамбыл ауылы, Жамбыл көшесіндегі № 5 ғимаратқа қарама-қарсы алаң

80

5 жыл

Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым жоқ

3

Науырзым ауданы, Буревестник ауылы, Абай көшесіндегі № 23 ғимаратқа қарама-қарсы алаң

120

5 жыл

Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Дуэт" дүкені

4

Науырзым ауданы, Раздольное ауылы, Мирная көшесіндегі № 8 ғимаратқа қарама-қарсы алаң

100

5 жыл

Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Ибраев Тургынбек Шаяхметович" жеке кәсіпкерінің дүкені

5

Науырзым ауданы, Өлеңді ауылы, Атамекен көшесіндегі № 2 ғимаратқа қарама-қарсы алаң

80

5 жыл

Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "БЕС" (Сагитова Гульнара Шаймарданкызы) жеке кәсіпкерінің дүкені

6

Науырзым ауданы, Шолақсай ауылы, Центральный көшесіндегі № 2 ғимаратқа қарама-қарсы алаң

120

5 жыл

Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Яна" дүкені

7

Науырзым ауданы, Шилі ауылы, Исмурзин көшесіндегі № 9 ғимаратқа қарама-қарсы алаң

100

5 жыл

Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Есимжанова Падиша Шинтимировна" жеке кәсіпкерінің дүкені

8

Науырзым ауданы, Қожа ауылы, Шаяхметов көшесіндегі № 5 ғимаратқа қарама-қарсы алаң

120

5 жыл

Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Кошкарова Жанат Балтабековна" жеке кәсіпкерінің дүкені

9

Науырзым ауданы, Дәмді ауылдық округі, Дәмді ауылы, Қазыбек би көшесіндегі № 2 ғимаратқа қарама-қарсы алаң

140

5 жыл

Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым - "Бауыржан" (Айдарбекова Латифа Махсутовна) жеке кәсіпкерінің дүкені

10

Науырзым ауданы, Дәмді ауылдық округі, Мереке ауылы, Школьная көшесіндегі № 8 ғимаратқа қарама-қарсы алаң

100

5 жыл

Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым жоқ

11

Науырзым ауданы, Дәмді ауылдық округі, Қайғы ауылы, Болатбаев көшесіндегі № 3 ғимаратқа қарама-қарсы алаң

80

5 жыл

Азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сату, жақын орналасқан инфрақұрылым жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады