Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 қыркүйекте № 24221 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округі әкімінің 21.01.2022 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабыны, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабына 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 01-20/281 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округі Увальное ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.

      3. "Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Новоильинов ауылдық округінің әкімі М. Таймасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады