Шектеу іс-шараларын тоқтату және Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қаңтарда № 26666 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18 қарашадағы № 01-20/503 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округі Увальное ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 23 тамыздағы № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24221 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Новоильинов ауылдық округінің әкімі М. Таймасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады