Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 қыркүйекте № 24208 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 05.11.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2021 жылғы 31 тамыздағы № 4 хаттамасының негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Екібастұз қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Ахметов тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Кантарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады