Железин ауданы Железин ауылдық округінің "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 ақпанда № 7207 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 24.12.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 24.12.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Железин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 1-13/448 ұсынысы негізінде, Железин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин ауданы Железин ауылдық округінің жер учаскесінде орналасқан (кадастрлық нөмірі № 14-206-185-209) Мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 11.03.2021 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Железин ауылдық округінің әкімі К. Айсаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады