Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы "Железин ауданы Железин ауылдық округінің "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 наурыздағы № 6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 наурызда № 7225 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 24.12.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 24.12.2021 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Железин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин ауданы Железин ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 ақпандағы "Железин ауданы Железин ауылдық округінің "Пахарь" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7207 болып тіркелген, 2021 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Железин ауданы Железин ауылдық округінің жер учаскесінде орналасқан (кадастрлық нөмірі № 14-206-185-209) Мал шаруашылығы кешенінің аумағында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Железин ауылдық округінің әкімі К. Айсаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады