Май ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 221/9 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қыркүйекте № 24343 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 6 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Май ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы Май ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май ауданының әкімі М. Актаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Павлодар облысының
жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік
мекемесі

  Май ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 221/9 қаулысына
қосымша

Май ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы

Жалпы ұзындығы, километр

1

KS-MS-1

Қызыл Октябрь - Жаңа Ақшиман аудандық маңызы бар автомобиль жолы

95

2

KS-MS-2

Көктөбе-Кеңтүбек аудандық маңызы бар автомобиль жолы

2

3

KS-MS-3

Май ауылының теміржол разъездіне кірме жол

2,5

4

KS-MS-4

Жұмыскер ауылының теміржол разъездіне кірме жол

1

5

KS-MS-5

Көктөбе ауылының теміржол станциясына кірме жол

1,3

6

KS-MS-6

Қаратерек-Қылыш аудандық маңызы бар автомобиль жолы

102

7

KS-MS-7

Ақшиман-Лекер аудандық маңызы бар автомобиль жолы

37



Барлығы:

240,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады