Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 20 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 38 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 тамызда № 24097 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 01-11/208 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Құтыру ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Архангельск ауылдық округі Архангельское ауылының Береговая көшесінде белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 31 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22908 болып тіркелген) № 20 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Архангельск ауылдық округінің әкімі И. Рыбакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады