Шектеу іс-шараларын тоқтату және Зинеден ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы Зинеден ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 шілдедегі № 14 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 шілдеде № 23573 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 10-10/125 ұсынысы негізінде Зинеден ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зинеден ауылдық округі, Зинеден ауылы, Ынтымақ көшесі, 18 үй Г. Умбеткалиев ауласында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зинеден ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4943 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Атырау облысы Исатай ауданы Зинеден ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Исатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зинеден ауылдық
округінің әкімі
М. Қайратова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады