Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 16 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 12 мамырда № 4952 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің 09.08.2021 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2021 жылғы 04 мамырдағы № 12-11/103 ұсынысы негізінде, Ақкөл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мүйізді ірі қара малы Бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, округ тұрғыны Е. Назаровтың жеке мал қорасы орналасқан Құлес Тәкешов көшесі (түгел көше) аумақтарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Құрманғазы аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Құрманғазы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауылдық округінің әкімі Б. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады