Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 06 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 12 сәуірде № 6158 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 29 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің 28.12.2021 № 29 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7)тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 31 наурыз № 08-02-07/103 ұсынысы негізінде Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мыңбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ елді мекені Ақтөбе көшесінің тұрғыны А.Алиевтің уақ малынан "бруцеллез" ауруының анықталуына байланысты, Ақбұлақ елді мекені Ақтөбе көшесінің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет- ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі А. Мхиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады