Шектеу іс-шараларын алып тастау және Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 29 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 қаңтарда № 26422 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бәйдібек аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 7 маусымдағы № 08-02-07/184 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Ақтөбе көшесінің аумағында, уақ малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шараларды жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6158 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Т. Дәрменбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады