Ордабасы ауданы бойынша ауданішілік және ауылішілік бағыттарға жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 13 мамырдағы № 271 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 13 мамырда № 6205 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына және "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 7297 болып тіркелген) сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ордабасы ауданы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарына мынадай тарифтер белгіленсін:

      1) Ауданішілік бағыттарға жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауға 1 шақырымға – 6,0 (алты теңге) теңге.

      2) Ауылішілік бағыттарға жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауға – 50 (елу) теңге.

      2. "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ордабасы ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Сулейменовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Турашбеков

      "Келісілді"

      Ордабасы аудандық

      Мәслихатының хатшысы

      Қ.Әбдіхалық____________

      " "_________2021 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады