Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шәуілдір ауыл округі әкімінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 20 "Шәуілдір ауыл округі, Шәуілдір ауылы С.Сейфуллин және Б.Төребеков көшелерінің қиылысына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 68 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 шілдеде № 23518 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Отырар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 мамырдағы № 160 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Шәуілдір ауыл округі Шәуілдір ауылы С.Сейфуллин және Б.Төребеков көшелерінің қиылысына белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шәуілдір ауыл округі әкімінің "Шәуілдір ауыл округі, Шәуілдір ауылы С.Сейфуллин және Б.Төребеков көшелерінің қиылысына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 19 наурыздағы № 20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6116 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Отырар ауданы әкімдігінің "Шәуілдір ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шәуілдір ауыл округінің әкімі Ғ. Қыдыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады