Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 10 "Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Мәткерім көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 16 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 маусымда № 23038 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 08-02-03/327 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының Мәткерім көшесінде шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылы Мәткерім көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 10 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6107 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сайрам ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М.Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады