Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Далабазар көшесінің № 28-42А тұрғын үйлері аралығына карантинді белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 27 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 15 сәуірде 6164 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 64 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 04.10.2021 № 64 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 08-02-03/239 ұсынысына сәйкес және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Анемия ауруының ошағы анықталуына байланысты Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы Далабазар көшесінің № 28-42А тұрғын үйлері аралығына карантин белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі М. Шадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады