Шектеу іс-шараларын алып тастау және Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 25 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 маусымда № 23012 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабыны 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 21 мамыр № 08-02-07/194 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Уақ малдың Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі Дарбаза елді мекені Теміржолшы көшесіндегі шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылы округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6109 болып тіркелген) және 2021 жылғы 5 мамырдағы № 22 "Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6183 болып тіркелген) шешімдерің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Дарбаза ауылдық округі әкімінің орынбасары С. Туғанбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады