Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 12 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 наурызда № 6109 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 09.06.2021 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы Сарыағаш ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 08-02-07/106 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі Дарбаза елді мекені Теміржолшы көшесі № 5 үй тұрғыны Е.Атымтаевтың 1 бас уақ малының сынамасы бактериологиялық зерттеу нәтижесінде "бруцеллез" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Теміржолшы көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің 05.05.2021 № 22 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Дарбаза ауылдық округінің әкімі Е. Алимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады