Шектеу іс-шараларын алып тастау және Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 28 шілдедегі № 23 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 тамызда № 23803 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 03 маусымдағы № 08-02-07/205 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Бруцеллез ауруының ошақтарын жоюға қатысты барлық ветеринарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Созақ ауданы Құмкент ауылдық округі, К.Берденұлы көшесіне шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6143 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешім Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Ғ. Пәрдебекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады