Шектеу іс-шараларын тоқтату және Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 15 "Бірінші Мамыр ауылдық округі Зағамбар елді мекені Әл-Фараби көшесінде бруцеллез бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Төлеби ауданының Бірінші Мамыр ауылдық округi әкiмiнiң 2021 жылғы 22 қазандағы № 56 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 қазанда № 24956 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Төлеби ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 20 мамырдағы № 08-02-07/172 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Түркістан облысы Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округінің Зағамбар елді мекенінің Әл-Фараби көшесінде бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Түркістан облысы Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 15 "Шектеу шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6105 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Ауылдық округі әкімі Х. Аширбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады