Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 27 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2021 жылғы 5 наурызда № 6083 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 91 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің 24.05.2021 № 91 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 08-02-03/57 ұсынысы негізінде Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі, Үтіртөбе елді мекенінің Жағалау көшесіне бір бас уақ малдың бас миының сынамасынан "листериоз" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Жетісай ауданының "Ж.Ералиев ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Қасымовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Касымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады