Шектеу іс-шараларын алу және Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 27 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 91 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 мамырда № 22816 болып тiркелдi

      "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 04 мамырдағы № 08-02-03/130 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Листериоз ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі, Үтіртөбе елді мекеніндегі Жағалау көшесіне белгіленген шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Жетісай ауданының Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 04 наурыздағы № 27 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6083 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Жетісай ауданының "Ж.Ералиев ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жетісай ауданының Ж.Ералиев
      ауылдық округі әкімі К. Акишев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады